2024 жылдың 7 ақпаны күні М.Ғабдуллин мектеп гимназиясы базасында «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. Педагогикалық олимпиаданың мақсаты – жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау; білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімдердің белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру. Педагогикалық олимпиаданың сатыланған құрылымы болды: I саты – жас педагогтер, II саты – педагог психологтар, III саты - тәлімгерлер.
I саты бойынша «Менің педагогикалық инновациям» педагогикалық идеясын қорғау.
II саты бойынша 1) Өзін-өзі таныстыру «Менің мамандығым - психолог», 2) Идеялары мен жобаларын қорғау «Шығармашылық алаң».
III саты бойынша 1) Өзін-өзі таныстыру «Мен балалық шақтың штурманы», 2) Балалар ұйымы қызметінің бағдарламасымен таныстыру.
Педагогикалық олимпиаданың қорытындысы:
I саты – жас педагогтер бойынша “Зерделі педагог” номинациясымен - Қабиден Айсұлу Ақылбайқызы «Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Жылымды ауылының негізгі орта білім беретін мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі марапатталды.