Текст
08.12.2025
Апталықтың мақсаты – оқушылардың табиғат ғылымдарына деген қызығушылығын арттыру, ғылыми ойлау қабілетін дамыту және пәндер бойынша шығармашылық белсенділігін қолдау болды. Жабылу салтанатында апталыққа белсенді атсалысқан оқушылар марапатталып, жеңімпаз топтар анықталды. Мұғалімдер оқушылардың қызығушылығын, ізденісін жоғары бағалап, алдағы уақытта да ғылымға деген ынтасын шыңдай беруге шақырды. Шара соңында оқушылар апталықтан алған әсерлерімен бөлісіп, табиғат пен ғылым салаларына қатысты білімдерін одан әрі тереңдетуге ниет білдірді.